Ата - аналар ?шін

Рассмотренных обращений: 0
Не рассмотренных обращений: 0

Надежда технического творчества.
Автор: Ермекова Г.М.

Мектепке дейінгі балалардың тілінің дамуы

Мектепке дейінгі балалардың тілінің дамуы

       Бала сөзінің алғашқы қалыптасуы – баланың сөйлеуге қажетті мидағы орталығы ана құрсағында жатқанда-ақ қалыптаса бастайды. Ол анасының сөйлеу реакцияларын есту анализаторлары арқылы қабылдайды да жарық дүниеге келгеннен кейін бұл реакциялар алғашқы үн – іңгәлаумен жалғасады. Бұл жерде ата-анасының ана тілінде, не басқа тілде сөйлеуінің үлкен маңызы бар. Олар қай тілде сөйлесе баланың алғашқы үні де, іңгәсі де, 2-3 айдан кейін пайда болатын былдырлауы да, ата-анасының сөз сараптауларына тікелей тәуелді.

        Яғни, нәрестелік, бөбектік кезеңдерде бала сөз реакцияларын, айналасындағылардың қимыл-қозғалыстарына, ым-ишараларына еліктеу арқылы өзіне ұялатады. Мектепке дейінгі балалық шақ – баланың сөйлеуінің және психикалық қалыптасуындағы маңызды кезең. Балалар адамдардың сөздерін, құстар мен жануарлардың дыбыстарын, музыка әуенін, ағаштардың жапырағының сыбдырын туу сәтінен бастап түрлі дыбыстар жиындарына бөленеді. Бiрақ жалғыз ғана маңызды, тек қана баланың қарым-қатынасының мақсаттарына ересек қызмет көрсететiн сөйлеу дыбыстары, мәлiметтiң тапсыру құралымен және нақтылы әсерлерге түрткi болып табылады. Балдырған сөздердiң мағынасын түсiне де алмайды, сөзде айта алмайды, бiрақ ол интонацияны сезiнедi және мағына бойынша сөз танып бiледi.

Бала бiртiндеп бiз айтатын сөздерге құлақ салады,  дыбыстарды қайталауға тырысады, естiп танып бiледi. Бала сөйлей бастайды, бiрақ  барлық дыбыстарды дұрыс айтуда, буын құрылымын әрдайым айқын сақтай алмайды. Балалардың тілінің дамуы әртүрлi деңгейде болады. Кейбір балалар  күрделi буын құрылымы бар сөзді және сөздерді таза және дұрыс айтады. Ал, кейбіреулері жас шамасы келсе де, сөзді  әлi айқын жеткiлiктi айта алмайды, жеке дыбыстарды терiс айтады. Мұндай балалар көп. Бала тілін жан-жақты дамыту үшiн, балабақшада алған білімдерін үйде қайталауымыз керек. Мектепке дейінгі балалардың тілге үйрету, үйрену үрдісін үзiлiссiз жүргізгеніміз абзал. Ата-ана баласының тілін дамыту, сөйлесе білуге үйрету барысында  негізінен үш түрлі тәсіл арқылы іске асырылады:

1.     Заттарды бақылатып, көрсету арқылы;

2.     Баланың түсінігін байқау, яғни сұрақтар қою, жауап алу;

3.     Сол бақылаған оқиғалары туралы дербес жаттығулар орындатып, көрген-білгенін тереңдете тиянақтап отыру;

Мысалы, балаға үй жануарларын бақылатса, олардың төлдері жайлы, ұқсастығы, келтірер пайдасы, бір-бірінен айырмашылығы туралы айтуды сұрау немесе баланың назарын ас әзірлеу үрдісіне аудару (  тазалаймыз, қайнатамыз, қуырамыз, дәмін татамыз) т. б. сол сияқты.  

Сондықтан ата-аналар мына ережелердi ұстанғаны дұрыс:

1.     Өзіңіздің сөйлеу дағдыларыңызға  көңiл бөліңіз, өйткенi ересек адам айтқан сөз дұрыс үлгi болып табылады;

2.     Баланың күнделiктi өмiрiнде сөздерді сауатты және дұрыс айтқанын қадағалаңыз;

3.  Бала тілін дамытуда, оның арнайы ойыншықтары мен кітаптары болуы қажет.

Мына жаттығуларды балаңызбен бірге қайталаңыз!

Артикуляциялық массаж

1.     «Тілімізді тістейік»

2.     «Күрекше»

3.     «Кесе»

4.     «Ұртымда құрт бар»

5.     «Амандасу»

6.     «Жылан»

«Р» дыбысын дұрыс айтуға арналған жаттығулар

1.      «Ұшақ»

2.      «Ашулы ит»

3.      «Қарға»

Тыныс алу жаттығулары

-         Терең тыныс алып, (ф) дыбысын шығару

-         терең тыныс алып, (ш) дыбысын шығару

-         терең тыныс алып, мұрнынан шығару

-         терең тыныс алып, ма-мо-му-ми буынын шығару.

 Педагог-психолог: Ермекова Г. М.


Просмотров: 1512
Дата создания: 30.11.2012
Дата редактирования: 30.11.2012

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource